«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында іс-шара өтті
Биыл Петропавл 2 ЖЭО – ның құрылғанына 65 жыл. Мерейтойлық датаға орай мұнда салтанатты шаралар ғана емес, экологиялық бастамалар да ұйымдастырылып жатыр. Бұл жолы кәсіпорын қызметкерлері су қоймасына жақын аумақты тазалады. Аталған акция республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен кәсіпорынның ішкі «Таза бейсенбі» жобасы аясында өткізілді.
Сәуірдің 1-інен басталған «таза бейсенбі» іс-шарасы «СЕВКАЗЭНЕРГО» компаниясы үшін игі дәстүрге айналған. Қызметкерлер апта сайын кәсіпорын аумағын ғана емес, сыртқы аймақтарды да ретке келтіреді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жолғы басты назар су айдындарын қорғау мен абаттандыруға бағытталды.
СНХ: НИКОЛАЙ МАКСИМОВ – «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫ
Қаланы тазартуға тәжірибелі сала ардагерлері де, жас мамандар да бірдей кірісті. Солардың бірі – «СЕВКАЗЭНЕРГО» сапында үш жылдан бері еңбек етіп жүрген Анастасия Коханович. Бөлім маманы бұл жолы күнделікті жұмысын ысырып қойып, әріптестерімен бірге қоршаған ортаны абаттандыруға үлес қосты.
СНХ: АНАСТАСИЯ КОХАНОВИЧ – «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ МАМАНЫ
Тазалық іс- шарасына 3 техника жұмылдырылды. Жиналған қоқыс арнайы полигондарға жөнелтіледі. Компания дерегінше, биылдың өзінде осындай экологиялық бастамаларға 1500-ден астам адам қатысқан. Олар бірлескен күштің арқасында осы уақытқа дейін жүз тоннаға жуық тұрмыстық қалдық пен қоқыстан арылған.