«Сандық қауіпсіздік: алаяқтардан қорғанудың тәжірибелік тәсілдері» тақырыбында семинары өтті
Өңірде ақпараттық қауіпсіздік пен сандық мәліметтерді қорғау мәселелеріне арналған алқалы жиын өтті. Жиынға жергілікті IT-саласының мамандары, сарапшылар мен қоғам өкілдері қатысты. Іс-шара «КиберАй» айлығы аясында ұйымдастырылып отыр.
«КиберАй» айлығы аясында Оқушылар сарайында өткен семинарда цифрлық сауаттылықты арттыру мәселесі қозғалды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндағы басты мақсат — күнделікті жұмыс пен тұрмыста қарапайым қауіпсіздік ережелерін әдетке айналдыру арқылы кибертәуекелдердің алдын алу.
ДАМИР МҰСТАФИН, СҚО ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАС ИНСПЕКТОРЫ
Жиынға арнайы келген елордалық сарапшылар цифрлық кеңістіктегі заманауи қатерлер мен одан сақтану жолдарын ортаға салды. Әсіресе, жеке құрылғылар мен құпия сөздерді, электронды пошта мен ғаламтор сервистерін сауатты пайдалану, яғни «цифрлық гигиена» мәселесі кеңінен сөз болды. Қатысушыларға фишингтік хабарламалар мен күмәнді сілтемелерді ажыратудың тиімді тәсілдері түсіндірілді.
ТЕМІРЛАН БАУЫРЖАНҰЛЫ, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ «TLAB TECHNOLOGIES» ЖШС КИБЕРҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША АҒА ИНЖЕНЕРІ
Жиын соңында сарапшылар жеке мәліметтер мен корпоративтік ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша практикалық ұсыныстармен бөлісті.