Еңбек адамдары марапатталды
Қазақстанда Еңбек күні қыркүйек айының соңғы жексенбісінде аталып өтеді. Бүгін осы мерекеге орай облыстық әкімдікте салтанатты жиын өтті. Іс-шара барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген еңбек адамдарына құрмет көрсетіліп, бірқатар азамат марапатталды. Жиында еңбектің қадірі мен маңызы айтылып, маңдай термен ел дамуына үлес қосып жүрген жандарға алғыс білдірілді
Еңбек – елдің дамуы мен берекесінің негізі. Бүгінде өңіріміздің әр саласында аянбай еңбек етіп, өз ісімен қоғамның өркендеуіне үлес қосып жүрген азаматтар аз емес. Олардың әрқайсысының еңбегі – ел игілігіне бағытталған маңызды үлес.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Жиында «Еңбек жолы» және «Парыз» байқауларының өңірлік жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды. «Еңбек жолы» байқауы 2014 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Байқау еңбек адамдарының кәсіби шеберлігін дәріптеп, олардың ел дамуына қосқан үлесін насихаттауға бағытталған.
ГҮЛБАҚЫТ МАНАБАЕВА, СҚО бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің басшысы
Марапатталғандардың қатарында «Еңбек жолы» байқауының «Өндірістің үздік жас қызметкері» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған Шал ақын ауданынан Айдарбек Қалидаров та бар. Жас маман өндіріс саласындағы еңбегімен танылып, кәсіби шеберлігі үшін жоғары бағаланды.
АЙДАРБЕК ҚАЛИДАРОВ, №1 СЕРГЕЕВКА ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІНІҢ УЧАСКЕ ШЕБЕРІ, ШАЛ АҚЫН АУДАНЫ
Еңбек күні – ел дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға құрмет көрсететін айтулы күн. Бүгінгі марапат – маңдай термен жеткен жетістіктің және адал еңбектің бағалануы.