Есіл ауданы Николаевка ауылында орналасқан Асқар Игібаев атындағы орта мектептің интернатына күрделі жөндеу жүргізілір жатыр . Түсірілім тобы мердігер ұйыммен кездесіп, жұмыс жоспарымен танысты. Әріптесім дайындаған бейнематериалға назар аударайық.


 Жергілікті интернаттағы күрделі жөндеу жұмысы 31 наурызда басталды. Бүгінде ғимараттың шатыры қалпына келтіріліп, қабырғалары тазартылған. Қазір нысанда 9 адам жұмыс істейді. Күрделі жөндеу жұмыстары 31 тамызда аяқталмақ.


 ҚАЙСАР ӘМІРИН, "ЗАҢҒАР-LTD" ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

-  Демонтаж жұмыстары 100 пайыз атқарылды. Шатырда, еденде, қабырғаларда аяқталды. жылу желісі барлығы жоба бойынша қарастырылған. Материалдар есептеліп қойылды. Ол отделка жұмыстары біткеннен кейін жүргізіледі. 


 Жергілікті интернат 1970 жылдан бері жұмыс істейді. Осы уақытқа дейін ғимарат күрделі жөнделмеген. Ал биыл құрылыс жұмысы "Ауыл – ел бесігі" жобасы аясында қлға алынды. Оған 120 млн теңгеден астам қаржы жұмсалмақ.


ӘМИНА ОСПАНОВА, А.ИГІБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:

-  Мектебімізде 282 оқушы бар. Осында 40 оқушы сол интернатта тұрады. Біздің интернатымызда осы ауылдың жанында орналасқан Қаратал, Есіл, Бірдлік, шал ақыннан, сарманан, Өрнек, Жарқайың деген аудандарынан оқиды. Осы күрделі жөндеу жұмысы керек болды.


 Сонымен қатар білім беру мекемесінің негізгі ғимараты да жөнделіп жатыр.