Шекарашы болу, елдің шегенделген шекарасын қорғау – жауапты әрі құрметті міндет. «Аралағаш» шекара заставасында әр күн жауынгерлік есеппен басталады. Саптық алаңда бәрі жарғыға сай өтеді. Сыртқы келбет – мінсіз, ұқыпсыздыққа жол жоқ. Мемлекеттік Ту салтанатты түрде көтеріледі, сарбаздар бұйрықты мұқият тыңдап, нақты тапсырмалар алады.

Сағындық Тореханұлы Алматы облысының тумасы. 2018 жылы Шекара қызметі академиясын аяқтағаннан кейін солтүстік өңірге қызметке жіберілді. Әртүрлі лауазымдарда жұмыс атқарған. 2024 жылдың қорытындысы бойынша оның басшылығындағы «Аралағаш» шекара заставасы үздік деп танылды.

СНХ: Сағындық Мұқаш — Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаментіне қарасты «Аралағаш» шекара заставасының бастығы


Отан қорғаушылар күні қарсаңында Мағжан Жұмабаев ауданында мерекелік жиын өтті. Арнайы қызмет өкілдері арнайы техниканы көрсетіп, қызметтің ерекшеліктері туралы әңгімелеп берді.

Әр салада көзге түскен азаматтарды аудан әкімі Рахат Смағұлов Құрмет грамоталары және Алғыс хаттармен марапаттады. Марапатталғандардың қатарында біздің кейіпкеріміз – Сағындық Мұқаш та бар.

Тек 2024 жылы шекарашылардың үйлесімді әрі шебер әрекеттерінің нәтижесінде Мемлекеттік шекара режимін бұзған 20 адам мен шекаралық режимді бұзған 126 адам ұсталды. Қызмет барысында қызметтік иттер де үлкен үлес қосуда.

СНХ: Сағындық Мұқаш — Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаментіне қарасты «Аралағаш» шекара заставасының бастығы


Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаментіне қарасты 17 мықты әскери бөлімшенің ішінде «Аралағаш» шекара заставасының білікті басшысы, капитан Сағындық Мұқаш «Үздік жетекші» номинациясында лайықты деп танылды. Заставада дене дайындығы мен жаттығу процесіне ерекше көңіл бөлінеді. Шекарашылар өз қызметін шекаралық аймақ пен шекара сызығында да табысты атқаруда.

СНХ: Сағындық Мұқаш — Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаментіне қарасты «Аралағаш» шекара заставасының бастығы


Бір күнді шекара заставасында өткізе отырып, еліміздің солтүстік шекарасы сенімді шекарашылардың қорғауында деп айқын айтуға болады.