Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Отан соғысының ардагері Василий Макиенконы мерекемен құттықтады. Қан майданның қатысушысы биыл мейрамды үйде емес, ауруханада қарсы алуға мәжбүр. Ол қазір жарақат салдарынан қалалық көпбейінді ауруханада емделуде.
Кездесу барысында өңір жетекшісі ардагерге Мемлекет басшысы атынан мерейтойлық медалін табыс етіп, құттықтау хатын оқып берді.
Василий Васильевич әскерге 43-ші жылы шақырылған. Ол - десантшы. Соғыста аса күрделі тапсырмаларды орындаған. Украина, Польша және Германияда жауға қарсы тұрған. Елге оралған соң ондаған жыл өндіріс саласында қызмет етті. Зайыбымен 3 қыз тәрбиелеп өсірген. Немересі Олеся Цоль атасына жиі келеді. Қолдау көрсетіп, әрқашан жанынан табылады.
СНХ: ОЛЕСЯ ЦОЛЬ, Василий Макиенконың немересі
100 жасқа жақындаған ардагердің денсаулығына жарақат қатты әсер етті. Василий Макиенко өзін әлі әлсіз сезінеді. Дәрігерлер қарияны аяққа тұрғызу үшін қолдан келген шараның барлығын жасауда.
СНХ: ЖАННА МАУТОВА, көпсалалы қалалық жедел жәрдем ауруханасының директоры
Василий Макиенконың жазылуын күллі солтүстікқазақстандықтар күтіп отыр. Ардагерді кейінгі буын құрметтейді, үлгі тұтады.