Соғыс жылдарында өңірде бес эвакуациялық госпиталь болған. Оның үшеуі Петропавл қаласында орналақсан. Сондықтан, сол кездері облыс орталығын кейде Госпиталь қала деп те атаған. 9 мамыр Жеңіс күні қарсаңында, зиялы қауым өкілдері, "AMANAT" партиясының белсенділері, студенттер осы медициналық нысандарда қаза тапқан жауынгерлердің ескеркіштеріне барып гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.
Соғыс жылдары эвакуациялық госпитальдардағы дәрігерлер мен медбикелер күні-түні ұйықтамай, жараланған сарбаздарды барынша емдеуге тырысты. Көпшілігінің өмірін сақтап қалды. Бірақ, өкінішке қарай 400-ден астам жауынгер ауыр жарақаттан қайтыс болды.
СНХ: РУСЛАН ӘЛІШЕВ, СҚО ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Айта кетейік, Соғыс басталған күндерден ақ мыңдаған солтүстікқазақстандық Қызыл Армия қатарына қосылды. Солардың ішіндегі ең үлкен әскери бөлім – 314-атқыштар дивизиясы болды. Бұл дивизия негізінен Петропавл қаласы мен облыс аудандарынан жиналған жауынгерлерден құралған.
СНХ: НАЗАР КӨККӨЗЕВ, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ СТУДЕНТІ
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Солтүстік Қазақстан облысы Жеңіске зор үлес қосты. Алғашқы екі жылдың ішінде 70 мыңға жуық сарбаз әскерге шақыртылды. Сонымен қатар, 34 мыңнан астам адам тылда еңбек етіп, азық-түлік, киім-кешек, әскери жабдықтар дайындады.