Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Петропавлда 314 -ші атқыштар дивизиясы ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Кеңес сарбаздарының ұлы ерлігі еленіп, елі мен жері үшін өмірін қиып, ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді жиналған жұрт бір минут үнсіздікпен еске алып, рухтарына тағзым етті.
Петропавл қаласында 314-атқыштар дивизиясы жасақталып, солтүстік батыс майданына жіберілді. Аталмыш дивизия Ленинград түбіндегі шайқастарға да қатысты. 1941 жылы қыркүйектің 7-нде дивизия жауынгерлері Свирь өзенінің бойында жаудың бетін тойтарды. Балтық жағалауын, Польшаны және Чехословакияны азат ету ұрыстарына қатысып, асқан ерлік көрсетті. Бүгін осы ерлікке тағзым етіп, қала тұрғындары, студенттер, ардагерлер ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
СНХ: ЮЛИАННА ЦИБИЗОВА, ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ӘДІСКЕРІ
Сұрапыл соғыс жылдарында 314 атқыштар дивизиясы өшпес ерлік көрсетті. Осы үшін де екінші дәрежелі Кутузов орденімен марапатталған. Гүл шоқтарын қою рәсіміне 314-ші атқыштар дивизиясының жауынгері болған Сәйіт Нұртаевтың ұлы Аманжол Нұртаевта келді.
СНХ: АМАНЖОЛ НҰРТАЕВ, ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРІНІҢ ҰЛЫ
1941 жылдың маусымында жасақталған дивизияның 75 пайызы солтүстікқазақстандық жауынгерлер еді. Дивизияның соңғы ұрысы Прага операциясы болған. Жауынгерлер ерлігі ешқашан ұмытылмайды.