Отан қорғаушылар күні – батырлық пен ерліктің, патриотизм мен азаматтық борыштың символы. Мерекеге орай, облыс орталығында салтанатты іс-шара өтті. Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов қатысып, жиналғандарды өңір басшысының атынан құттықтады.

СНХ: МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ, СҚО ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ


Мерекелік іс-шарада бірқатар азамат мінсіз қызметі және жұмысындағы жоғары көрсеткіштері үшін облыс әкімінің атынан алғыс хатқа ие болды. Солардың бірі 6637 әскери бөлімі артиллериялық зениттік дивзионының командирі Ұланбек Әбдіқалиев.

СНХ: ҰЛАНБЕК ӘБДІҚАЛИЕВ, 66З7 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ АРТИЛЛЕРИЯЛЫҚ-ЗЕНИТТІК ДИВИЗИОНЫНЫҢ КОМАНДИРІ


7 мамыр – елдің қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етіп жүрген әскери қызметшілерге, ардагерлерге және жалпы барлық ер-азаматтарға арналған ерекше күн. Қала тұрғындары мен қонақтары мерекемен құттықтап, ыстық ықыласын білдірді.

Орталық алаңда қала тұрғындары мен қонақтарының назарына әскерилердің қару –жарақтары, жеке заттары және суреттері қойылған көрме ұсынылды. Ал, мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.