С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада TED-X форматында «Жетістікке жетіңіз» атты табысты жастардың шеберлік сағаты өтті. Іс-шараны NEET санатындағы жастар бастамалары және жастармен жұмыс бөлімі ұйымдастырды. Шеберлік сағатына Петропавлдың колледж студенттері қатысты.


Іс шара барысында белгілі жетістікке жеткен азаматтар жастармен өз тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты. Мұндай кездесудің маңызы зор дейді, ұйымдастырущылар.


ЕЛЕНА СКАКУНОВА, NEET САНАТЫНДАҒЫ ЖАСТАР БАСТАМАЛАРЫ ЖӘНЕ ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ:

- «Соңғы уақытта табысқа қол жеткізген адамдардың қатары көбейіп келеді.Біреуі кәсібін өрге домалатса, енді бірі спортта үздік. Бүгінгі іс- шара жастар үшін өте қажет. Кездесуде белгілі жетістікке жеткен жандар өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, жастарға бағыт бағдар береді, болашаққа сенімдерін нығайтады.»


 Жастармен кездесуге келген қонақтың бірі - Сәлімхан Сәбитов. Ол өңірде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған алғашқы автомектептің негізін қалаған.Бүгінгі іс-шарада Сәлімхан студенттермен өз тәжірбиесімен бөлісіп,табысқа жетуде кездескен қиындықтарға қалай төтеп бергендігі жайлы айтып берді.


СӘЛІМХАН СӘБИТОВ, «ТЕҢ ЖОЛ АВТОМЕКТЕБІ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:


Іс-шара соңында колледж студенттері азаматтарға өздерінің толғандырған сауалдарын қойып, тұщымды жауап ала алды.Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шеберлік сағаты алдағы уақытта да өз жалғасын табады.