«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының облыстық филиалында ашық есік күні өтті. Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледждің болашақ педогогтері білім берудің жаңа тәсілдерімен танысты.


 Бұл іс-шара педагогикалық мамандықтың студенттері үшін ұйымдастырылды. Ашық есік күнінің мақсаты - орталықтың қызметімен таныстырып, үздіксіз білім берудің маңыздылығын көрсету.


ӘМИНА ТАЙЛОВА, «ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ:

- «Жалпы топтар негізгі үш экспресс сессияда жұмыс жасайтын болады. Бұл үш экспресс сессия. Біріншісі ол мектепке дейінгі оқыту тәжірибесіндегі мұғалімдер үшін арналған сөйлейтін қабырғалар әдістемесі. Яғни бұл әдістемесінде олар өздерінің оқу үдерісіндегі білім беру ұйымдарының пәндік кеңестік ортасын құру болып табылады.»


Студенттерге кәсіби курстар және «Өрлеу» орталығының мүмкіндіктері айтылды. Оған қоса, білім беру қызметіндегі жаңа тәжірибелер мен әдіс-тәсілдер таныстырылды. Бұл өз кезегінде болашақ ұстаздардың біліктілігін арттырады.


ӘСЕМГҮЛ ТАСМАҒАМБЕТОВА, М. ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- « Бүгін біздің студенттеріміз, әртүрлі форматтағы экспресс сессия форматындағы іс-шарада белсенділік танытуда. Олар Lesson study форматында сабақты өткізу, ашық әңгімелесу, өз ойларын айтуда белсенділік танытуда. Они узнают о формате проведения урока…думаю в будущем это для них пригодится


 Бұл күні болашақ мұғалімдер үшін 3 дәріс алаңы ұйымдастырылды. Олардың әрқайсысында педагогикалық мамандықтың 25 студенті жұмыс істеді.