Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев жолдауында бос жатқан жайылым жерлерді мемлекет меншігіне қайтару керек екенін тапсырған болатын. Осыған байланысты облыста жұмыстар қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Мәселен, былтыр өңірде 300мың гектардан астам ауыл шаруашылық жері мемлекет меншігіне қайтарылған. Биылғы жылға да жоспар ауқымды.Бұл мәселені «Аманат» партиясының облыстық филиалы жанынан құрылған «Жер аманаты» комиссиясы бақылауға алған.
Биыл өңірдегі пайдаланылмай жатқан 330 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылмақ. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланған. 2022 жылы облыста бос жатқан 304 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды. Жоспар 101 пайызға орындалған.
МЕЙРАМ МЕҢДІБАЕВ, СҚО АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
- Бізде ҚАЗАҚСТАН ғарыш сапары бар Астанада. Солар өздері мониторинговый съемкасын береді. Соны анализировать етеміз. Сосын аудандармен жұмыс жасаймыз. Жиын жасап, съемка бойынша қарап, сол арқылы шығып, жұмысты жасап, прокуратура біздің үлкен үлесін қосып, жұмыс жасап жатыр. Заңды бұзып жер берсе сот береміз, қайтаруға
Жыл басынан өңірдегі 40мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылған. Өткен 5айда облыстық жер ресурстарын басқару департаменті облыс аумағында 16 тексеру жұмысын жүргізген. Нәтижесінде, 11 заң бұзушылық анықталды.
БАҚЫТЖАН БЕКІШ, СҚО ЖЕР РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:
- Біз «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы АҚ веб-порталының мәліметіне сүйенсек 917,3 мың гектар жер пайдаланылмай, бос жатыр. Оның ішінде 522 мың гектар аумақта мал жайылмайды. Бұл мәлімет аудандық жер қатынастары бөлімдеріне жолданды. Мұның дұрыс-бұрыстығын қайта тексереміз. Себебі, порталдағы мәліметтер кейде дұрыс болмай шығады.
Осы мәселе бойынша бүгінге дейін 121 талап-арыз сотқа берілді, тағы 50-і дайындалып жатыр. Олқылықты жою үшін Мемлекеттік кірістер департаментіне жер салығы мөлшерлемесін 20 есе қолдану туралы 11 ұйғарым жіберілді. 621 мың теңгенің 8 айыппұлы салынды.