Өңірге ҚР Парламент мәжілісінің депутаттары және ҚР оқу -ағарту вице -министрі Шолпан Каринова келді. Іс-сапар барысында олар Қызылжар Абай орта мектебіне барып, білім ордасының материалдық-техникалық базасымен танысты. Сондай-ақ, оқу орнының мұғалімдерімен де кездесті.Мәжіліс депутаттары Қызылжар ауданына оңтүстіктен қоныс аударған тұрғындармен де тілдесті.
Қазіргі уақытта Қызылжар ауданында екі мектеп жекеменшік сенімгерлік басқаруға берілген. Қызылжар Абай орта мектебі «Bilim Faundation» серіктестігіне берілсе, ал Бескөл мектеп-гимназиясы «Радуга»ЖШС тапсырылған. Қызылжар Абай орта мекбетінде 280нен астам оқушы білім алады. Олардың 45-і жақын маңдағы елді мекеннен келіп оқитын бала. Оқушыларға келіп кетуіне арнайы автобус та бөлінген. Және мектеп 3 жылдан бері НЗМ тығыз байланыста.
САДАТ ДЕМЕУБАЕВ, «ҚЫЗЫЛЖАР АБАЙ ОРТА МЕКТЕБІ» ҚҚ ДИРЕКТОРЫНЫҢ М.А.:
-Бізге НЗМ бағдарламасын енгізгенбіз. Бізде бағалау жүйесі келеді. Жалпыбілім беру мектептерінде СОРды мұғалімдер өздері алады. Ал СОЧты ТЖБны бізде бөлек, дежурный мұғалімді қоямыз, сол алады. Мұғалім тек ТЖБны тексеріп, бағасын қояды. Академиялық тазалықты сақтау үшін оқушыларға қолхат алады.. Академиялық тазалық сақталуы керек.
Өңірге келген ҚР Парламенті Мәжілісі деупататтарының мақсаты ауыл мектептерінің жағдайын көріп, білім беру жүйесімен танысу. Іс-сапар барысында олар Петерфельд ауылында орналасқан Қызылжар Абай орта мектебіне барды. Білім ордасының материалды-техникалық базасымен танысып, оқушылардың үйірмеге қатысып жасаған еңбектерін де тамашалады. Қазіргі уақытта бұл білім ордасында 7 үйірме жұмыс істейді. Жаңадан сайланған депутат Ринат Зайытов мектепке өзінің оң бағасын берді.
РИНАТ ЗАЙЫТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
- Негізгі мақсатымыз қазақ мемлекетінің жастарының білім сапасын өзге елдермен терезесімен тең қылатындай, кешенді, қалағандай білім беру жүйессін қылу. Бүгін қызылжар Абай мектебімен танысып жатырмыз.Бұл озық мектептердің қатарында. Өздеріңіз де есітіп біліп отырсыздар. Оқушылардың айтып жатқан пікірі, барлығы жақсы.Келесі кезекте, әрбір ауылда балалар осындай ортада, осындай мектепте білім алуына жағдай жасауымыз керек. Комитеттің көшпелі отырыстары Қазақстанның жер-жерінде жалғасуы керек. Танысатын мәселе көп,дамытатын мәселе көп.
Мәжіліс депутаттары мектеп мұғалімдерімен де кездесті.Қызылжар Абай орта мектебінде 47 мұғалім жұмыс істейді.Жиын барысында олар депутаттарға өз көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, жауаптарын да алды. Депутаттар Президент тапсырмасына сай, ауыл мектептері мен қала мектептерінің арасындағы алшақтықты қысқарТу керек екенін де тілге тиек етті.
АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
-Бұл мектепте бірнеше жыл бұрын жаңа жоба, бағдарлама іске асқаннан кейін бұл жоба қалай іске асып жатыр, оның тиімділігі қандай деген сұраққа жауап алуға келдік. Осындай жобалар білімді дамытуға өзінің тиімділігін көрсетіп отыр. Бірақ біз оны ұзақ мерзімде қарауымыз керек. Ол тек қаражаттың көп құйылғанынан ба әлде НЗМ көмегінің арқасында ма, әлде бұл өзгеріс кәдімгідей ұзақ мерзімді сапалы өзгеріс бола ма деген мәселе. Бізге керек ақпарат осы моделді , осы тәжірибені басқа мектептерге көшіріп қарай аламыз ба деген сұрақ.
Кейінен мәжіліс депутаттары Қызылжар ауданына оңтүстіктен қоныс аударған тұрғындар мен де кездесті. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019-2021 жылдары Қызылжар ауданына 143 отбасы қоныс аударған. Ал былтыр 57 отбасы көшіп келсе, олардың 11і Өзбекстаннан қоныстанған.
АРАЙЛЫМ ӨМІРҒАЛИЕВА, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
- Мұғаліммін. Қызылжар ауданы Подгорный негізгі мектебінде жұмыс істеймін. Оңтүстікте 11 жыл мұғалім болғанмын. Биыл екінші жыл жұмыс істеп жатырмын. Көшіп келгенде бәріне оңай емес қой. Ең алғаш келгенде мемлекет не береді екен деп ойлап отырмый, адам өзі іштей әрекет ету керек.
Кездесу барысында қоныс аударушылар жұмыспен қамтылып, мемлекет тарапынан үй берілгенін де айтты. Тек өңірдегі жолдар жөнделсе деген өтініштерін білдірді.