Петропавл тұрғындары Егемен Қазақстан мен Бостандық көшелерінің қиылысында орналасқан үйлердің маңында шашылып жатқан қоқысқа наразы. Айтуыларынша, ескі жиһаз, құрылыс қоқысы шығарылмай, бүгінде тау болып үйіліп жатыр.


Бұл Егемен Қазақстан мен Бостандық көшелерінің қиылысында орналасқан үйлердің біріндегі қоқыс жинайтын орын. Жергілікті мүлік иелерінің айтуынша қоқыс тазалайтын компаниялар габаритті қалдықтарды шығармай, қалдырып кетеді.


ЮРИЙ ВИННИЧЕВСКИЙ , МҮЛІК ИЕЛЕРІ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

-«Мына біздің қоқыс жинайтын алаң қазіргі таңда таза. Бірақ бұл нәтижеге қол жеткізу үшін, біраз тер төктік сонымен қатар 66 мың теңге көлемінде ақша төлеуге тура келді. Бұл жерде әрдайым құрылыс қоқысы, ескі жихаз үйіліп жатады. Мұнда 2 мыңнан астам тұрғын тұрады. Бұрын бізде 9 қоқыс контейнері бар еді ал қазір 8 контейнер тұр. Бұл әрине көп адам тұратын мекенжай үшін аздық етеді. Менің ұсынысым ірі габаритті қалдықтарды шығаруды тариф төлеміне қосу, бұл қала бойынша мәселені шешеді деп ойлаймын.»

Бұл мәселе бойынша Петропавл қалалық әкімдігіне жүгіндік. Олар бұл проблемадан хабардар.


ЭЛЬМИРА СӘДУАҚАСОВА, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Қазақша: «Ірі габаритті қоқысты тұрғындар күнделікті шығарып жатқан жоқ. Тіпті ай сайында шығармайды. Яғни ол бірнеше айдың ішінде шығарылатын қоқыс. Мысалы бір үй өздерінде жаңалау, жөндеу жұмыстарын жүргізеді де қалдықтарды шығарады. Яғн сол жұмысқа олар ақшаны жұмсайды ал қоқысты шығаруға ақшаны үнемдеп қалғысы келеді. Бірақ ол тарифке енгізілетін болса онда осы үйде тұратын барлық тұрғындар осы сомманы төлеуге міндеттеледі, тариф көтеріледі.»


Қала әкімдігі Петропавл тұрғындарынан үйіндегі жөндеу жұмыстарынан соң қалатын қоқысты, ескі техника мен жиһазды өз күшімен қоқыс полигонына шығаруды сұрайды.