Халқы тығыз орналасқан өңірлерден жұмыс күші тапшы облыстарға қоныс аудару. Осы бағдарлама аясында СОҢҒЫ ҮШ ЖЫЛДА Аққайың ауданына 638 адам көшіп келді. Оларға мемлекет есебінен әр үйелмен мүшесіне бір реттік ақшалай көмек көрсетіліп, қажетті жағдайдың бәрі жасалды. Бүгінде келгендердің басым бөлігі ауылдық жерлерге қоныстанып, мал шаруашылығымен айналысып жатыр. Әріптесім Майгүл Сейілбек сабақтасын.
Бұл күнгейден біздің өңірге қоныс аударған Айтбек Рисбаевтың отбасы. Ол 2019-шы жылы жары Күлшат пен 5 баласын алып Шымкент қаласынан Айққайың ауданына қоныс аударды. Бұл жақта олардың әрқайсысына 35 АЕК көлемінде көтермеақы беріліп, Смирново ауылынан 3 бөлмелі баспана алды. Ерлі-зайыптылар жұмыспен қамтылса, балалар мектеп пен балабақшаға орналастырылды.
АЙТБЕК РИСБАЕВ, СМИРНОВ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
- Қазақтың жеріне қоныс аударайық, солтүстік өңірді қазақтандырайық деп осы жаққа көштік. Бала шағамызда ел көрсін дедік. 2019-шы жылдың тамыз айында келдік. 4 жыл болды көшіп келгенімізге.Үкімет үймен, жұмыспен қамтамасыз етті.
Айтбек аудандық емханада күзетші, ал жары Күлшат балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істейді. Үлкен қыздары биыл 18-ге толса, кенжелері 6-да. Отбасы егін және мал шаруашалығын да қолға алған. Үйдің жанындағы шағын баққа көкөніс егіп, ешкі басын көбейтіп жатыр.
КҮЛШАТ ИСМАИЛОВА, СМИРНОВ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
- Көршілер де жақсы қарсы алды. Ерулік беріп, жақсы қарым-қатынаста болып кеттік. +4,12 СКЛ Үйде кішігірім мал шаурашылығымен айналысамыз. Ешкілеріміз бар. Айран, сүт,май құрт өндіреміз. Ешкілерді өзіміз айлығымыздан жинап бірігіп алдық. БАсында екеу болған, қазір көбейіп жатыр.
Жалпы, соңғы 3 жылда Ақаайың ауданына 638 адам көшіп келді. Басым бөлігі Шымкент, Түркістан, Тараз сынды қалалардан қоныс аударды. Келген әр отбасына мүшесіне 241 мың теңге көлемінде көмек көрсетіледі.
ЕРЖІГІТ ДӘНЕБАЕВ, АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
- Көшіп келгеннен кейін отбасыларға үй сатып алуға Үкімет тарапынан қаражат қарсытырып отырмыз. Үй алатын жағдайда үй қаражатының 50 пайызын 4млнана астпайтын қаражат беріледі. +4,29 Көшіп келгендердің 19-20 өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Берген гранттармен. Өз жұмыстарын жүргізіп отыр. Мал шаурашылығы, кафе ашқандар бар.
Ал, биылғы жылы Аққайың ауданы 59 отбасыны, 208 адамды қабылдамақ.