Негізгі Жаңалықтар Жамбыл ауданына 165 голштин тұқымды ірі қара жеткізілді

Жамбыл ауданына 165 голштин тұқымды ірі қара жеткізілді

Жамбыл ауданындағы «Агротехника Жамбыл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Дания елінен 165 бас ірі қара жеткізілді. Голштин тұқымды сиырлар Пресновка ауылына әкелінді. Сүтті бағыттағы бұл ірі қараның өнімділігі жоғары. Оларды шаруашылықта өсіру арқылы сүт өндірісін арттырып, мал шаруашылығының әлеуетін нығайту көзделіп отыр.

«Агротехника Жамбыл» серіктестігінде жұмыс қызған шақ. Барлығы голштин тұқымды ірі қараны күтіп алуға сақадай сай. Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың және Ауыл шаруашылығы министрлігі жариялаған мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары аясында серіктестік қаржыландыруға қол жеткізді. Атап айтқанда, «Игілік» бағдарламасымен шаруашылық 346 миллион теңге көлемінде қаражатқа ие болды.

СНХ: ҚУАНДЫҚ ЖАҚЫПОВ, ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, ЖАМБЫЛ АУДАНЫ:

Тауарлы сүт ферма биыл жазда бой көтерген. Қазіргі уақытта фермада 300-ге жуық ірі қара бар. Жалпы шаруашылық 800 басқа есептелген. Алдағы уақытта мал басын одан әрі көбейту жоспарланып отыр. Кешендегі асыл тұқымды сиырлардан күніне 6-6,5 тонна сүт өндіріледі.

СНХ: РҮСТЕМ ДҮЙСЕМБЕКОВ - ЖАМБЫЛ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: 

«Агротехника Жамбыл» серіктестігі сүтті, етті бағыттағы мал өсірумен айналысады. Сонымен қатар, егін шаруашылығы да бар. Етті бағытта ангус тұқымды ірі қара өсірілсе, жоғары өнімді голштин тұқымы сүт өндірісіне қолайлы.  


Бөлісу