Негізгі Жаңалықтар Новая көшесіндегі даулы учаске – полиция назарында

Новая көшесіндегі даулы учаске – полиция назарында

Даулы жер телімі қараусыз қалмауы керек. Петропавл полицейлері Новая көшесіндегі жер учаскесін абаттандыру мәселесіне қатысты жағдайды анықтап жатыр. Толығырақ облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің материалында.  

Жер дауы абаттандыру қағидаларын елемеуге себеп емес. Петропавлда полицейлер Новая көшесіндегі даулы учаскеде кездесу ұйымдастырды. Мұнда меншік иелері арасындағы дау іргелес аумақтың бірнеше метріне қатысты болып отыр.

 Бұл мәселені петропавлдық белсенді Мәлік Шигабутдинов көтерді. Даулы мәселе бойынша тексеру жүріп жатқанда, аумақ тиісті деңгейде күтілмей қалған. Полицейлер оқиға орнында дауға қатысушыларды және құзырлы мемлекеттік органдардың өкілдерін жинады.

Кездесу қорытындысы бойынша дау шешілгенге дейін аумақты күтіп ұстауға жауапты тұлға анықталды. Оны жауапкершілікке тарту мәселесі заң талаптарына сәйкес шешіледі.

СНХР: Айдын Ахмағамбетов – Петропавл қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары:

 «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыс құқық бұзушылықтарды анықтаумен ғана шектелмейді. Оның маңызды міндеттерінің бірі – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Полицейлер қала тұрғындарын, кәсіпкерлер мен жауапты тұлғаларды қажет болған жағдайда меншік құқығы мен жер учаскелерінің шекарасын нақтылауға шақырады. Бұл өз аумағының санитарлық жағдайына кім жауапты екенін білуге мүмкіндік береді.


Бөлісу