Бұдан соң, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев классикалық шахмат бойынша әлем чемпионы атағы үшін сайысқа түскен Ян Непомнящий мен Дин ЛиЖэньді, сондай-ақ Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворковичті қабылдады. Мемлекет басшысы қонақтарға ілтипат білдіре отырып, ФИДЕ аясындағы әйгілі спортшылар қатысқан ең беделді турнирдің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстанда шахматты дамытуға айрықша көңіл бөлінетінін айтты.


ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

-  Бүгінде елімізде 200 мыңнан аса адам шахматпен шұғылданады. Қазақстан Республикасы Шахмат Федерациясының көмегімен және ФИДЕ-нің атсалысуымен бұл көрсеткіш кемінде екі есе артуға тиіс. Қазақстанда шахмат тиісті деңгейде дамиды.


Ал шахмат шеберлерлері/ қазақ халқына қонақжайлық үшін алғыс білдірді. Қазақстанда осы спорт түрінің жоғары деңгейде дамып келе жатқанын атап өтті.


ДИН ЛИЖЭНЬ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ:

-Осы турнирге қатысып, жеңіске жеткенім үшін қуаныштымын. Ойыннан керемет ләззат алдым. Қазақстанға тағы да келемін деген үміттемін.


ЯН НЕПОМНЯЩИЙ ӘЛЕМНІҢ ВИЦЕ-ЧЕМПИОНЫ:

-Спортшы ретінде шахматқа деген осындай үлкен қызығушылықты көріп қуандым. Ойынды тамашалауға, кездесулерге әсіресе балалар көп келді. Шахматты дамыту ісінде Қазақстанға үлкен табыс тілеймін.