Саха республикасының инвестицияларды тарту және экспортты қолдау агенттігі өкілдерінен құралған делегация облыстағы бірқатар өндіріс орнын аралады. Басты мақсат сауда-саттық қарым-қатынасты нығайтып, өзара тәжірибе алмасу.
«Зенченко и К» КС-і СҚ-ның брендіне айналды. Сүт өндеуде үздіктердің қатарына кіретін кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен Саха республикасынан келген делегация да танысты. Өткен жылдың қорытындысына бойынша зауыт 146 мың тоннадан астам сүт өңдеп, 36 мың тонна дайын өнім шығарды. Бүгінгі күні компания 32 түрлі сүт өнімін саудалайды. Кәсіпорында 182 маман еңбек етеді. Осы ретте Саха республикасынан келген меймандар болашақта өз елдерінде дәл осындай кәсіпорын ашуды ойластырып жүргенін айтты. Жергілікті компания қолдау көрсетіп, өз тәжірибесімен бөлісуге әзір екенін жектізді.
ВИКТОР СУХОВ, «ЗЕНЧЕНКО И К» КС СҮТ ЗАУЫТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
- Негізгі тұтынушыларымыз СҚның тұрғындары мен Астана қаласының халқы. Күнделікті 60-70 тонна дайын өнім елордаға жөнелтіледі. Бұдан бөлек РФ-мен тығыз қарым-қатынас орнаттық. Саха республикасымен де жұмыс істеуге дайынбыз. Әріптестерімізбен тәжірибе алмасып, керек десе тіпті мамандарын оқытуға әзірміз.
Кейін меймандар Чапаев елді мекеніндегі 700 басқа шақталған «Қызылжар сүт» сүт-тауарлы фермаға барды. Нысан 2019 жылы пайдалануға берілді. Қазір мұндағы бір сиыр тәулігіне шамамен 27 литр сүт береді. Бұл жақсы көрсеткіш. Көптеген кәсіпкерлер ірі қара малдың симментал тұқымына басымдық береді, өйткені малдың бұл түрі біздің ауа райына бейімделген, әрі жем-азықты талғамайды. Сиырлар негізінен Австриядан, Чехиядан және Германиядан әкелінеді.
АННА СТРУЧКОВА, САХА РЕСПУБЛИКАСЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ТАРТУ ЖӘНЕ ЭКСПОРТТЫ ҚОЛДАУ АГЕНТТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
- Өз елімізде дәл осындай кешен ашып, «Зенченко и К» секілді сүт өндейтін зауыт салмақшымыз. Сол себепті, сіздердің мамандарыңыздың ақыл-кеңесі ауадай қажет болады. Бірқатар өндіріс орнын араладық. Бізге бәрі қатты ұнады. Солтүстікте кәсіпкерлер бұл істің қыр-сырын жақсы білетіні көрініп тұр.Барлығы автоматтандырылған, зааманауи қондырғылар орнатылған. Бізде осы тәжірибені қолдансақпа дейміз.
Саха республикасының делегациясы ендігі кезекте солтүстікқазақстандықтарды өз елдерінде күтетінін жеткізді.
Майгүл Сейілбек