Сәуірдің 22 нен бастап ел аумағында көктемгі аң аулау маусымы басталады.Аңшыларға жабайы және аталық үйректерді аулауға рұқсат етілді.Аң аулау маусымы 2023 жылдың 6 мамырына дейін жалғасады.Айта кетейік өңірімізде аң аулауға болатын 42 аңшылық шаруашылығы бар.


Тек көктемгі аң аулау маусымына аңшыларға 2 мыңға жуық үйректі атуға рұқсат берілетін болады.Аңшылық кезінде аңшы куәлігі,сонымен қатар аңшылық шарушалығы субьектісінің жодамасы және қару ұстауға рұқсаты болуы қажет. Егерде рұқсат беру құжаттары болмаған жағдай да аңшылардың іс-әрекеттері браконьерлік ретінде бағаланып,жауапкершілікке тартылады.


ОЛЕГ БЕСПАЛОВ, СҚО БОЙЫНША ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

 - Бұрын аңшы болғысы келетін азаматтар 18 жастан бастап дайындық процедурасынан өте алатын,енді мұндай құқық тек 21 жастан бастап беріледі.Аң аулау ережелерін бұзғаны үшін 17 мың теңгеден астам айыппұл салынуы мүмкін.Сонымен қатар, заңсыз ауланған әр бір үйрек үшін 25 мың теңгеден астам айыппұл бар.