Облыстық Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жыл басынан бері атқарылған жұмыстарын қорытындылады. Бұл бөліністің қызметкерлері қандай қылмыстарды ашып жатқаны жайлы келесі бейнематериалда.


 Өткен жылдың соңында Петропавл полициясына 18 жастағы қала тұрғыны жүгініп, белгісіз адамдар оны қорқытып 40 000 теңге талап етіп жатқанын айтқан. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде облыс орталығының әр түрлі оқу орындарының 17 жастағы үш оқушысы ұсталды. «Қорқытып алу» бабы бойынша тергеу жүргізілуде. Сондай-ақ ұйымдасқан қылмысқа күрес басқармасының құзыретіне бұзақылыққа, қылмыстық топтарҒА, адам саудасына қарсы күрес кіреді.


- Руки! Руки!


 Келіп түсетін әр жедел ақпарат тексеріледі. Осылайша, жедел уәкілдерге заңсыз аңшылық дерегін анықтауға көмектесті. Саяжай учаскелерінің біріндегі үйден 2 еліктің еті мен еліктердің 41 терісі, 119 тұяқ, 12 басы тәркіленді. Жақында жедел ақпарат нәтижесінде оқ-дәрі мен қару-жарақ жасырылған орын табылды. Ойын-сауық мекемелері де бөлініс қызметкерлерінің назарында.


Жандос Басыбаев, СҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы:

- Бұл орындарға келгендер заңсыз іс-әрекет жасауға әуес болады. Биыл қаңтар айында, күзет қызметі мен демалуға келгендерді қорқытқан, қоғамдық орында жанжал шығаруды жақсы көретін 22 жасар азамат жауапқа тартылды. Түрлі бұзушылық жасағаны үшін ұсталған адамның 8 рет жауапқа тартылғаны белгілі болды.


 Құрамында спирт бар және темекі өнімдерінің контрабандасы мен заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл да жедел уәкілдердің бақылауында. Көптеген қылмыстар маскүнемдіктің салдарынан орын алып жатады. Қаңтар айынан ҰҚҚКБ қызметкерлері 2 140 литрден астам алкоголь мен 5 329 қорап темекі өнімдерін заңсыз айналымнан алды.


Жандос Басыбаев, СҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы:

- Бүгінгі таңда тергеу әрекеттеріне байланысты барлығын айта алмаймыз. Қылмыс жасағаны үшін жауапқа тарту және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету принципіне бағытталған жұмыс одан әрі жалғасады.


Жедел уәкілдермен нақты нәтижеге бағытталған күнделікті жұмыс жалғасатын болады.