Аймақ басшысы Айдарбек Сапаров Қызылжар ФК ұжымымен кездесті. Бапкерлік штаб және аяқ допшылармен жүздесу барысында Жастар стадионындағы манежбен Қарасай орталық стадионында басталған жөндеу жұмыстары жайлы айтылды.
Қызылжар ФК мен кездесу өткізген аймақ басшысы аталған спорт түрінің даму жолында көңіл бөлініп жатқанын атап өтті. Қазіргі уақытта жергілікті командадағы аяқ допшылар жақсы қолдаудың арқасында турнирлік кестеде бірінші орында келеді.
Айдарбек Сапаров, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
- Қолдау мемлекет жағынан болады. Сіздер тек қана жақсы ойын көрсету керек, жоғарғы деңгейде көрсету керек. Бірінші орынға шығуға тырмысу керек. Мен соны сіздерден сұраймын. Ол үшін күш қуаттарыңыз бар. Көңілдеріңіз жақсы. Көріп тұрмын. Алла жазса бәрі жақсы болады деп ойлаймыз.
Клуб директоры қол астындағы футболшыларға ішкі біріншіліктегі жеңісті ойынды жалағастырып чемпионат соңында жақсы нәтижеге қол жеткізу керек екендігін атап өтті. Сондай-ақ ертең өтетін матчта да жеңіске жетіп жанкүйерлерді қуанту үшін қолымыздан келгенімізді жасаймыз деді.
Григорий Лория, «QYZYLJAR» FC директоры:
- Мен әрдайым біз үздік екенімізді айтамын. Басқаша болуы мүмкін емес. Сондықтан да ертең өтетін ойында жиналып шеберлігімізді ортаға салып көрсетуіміз керек. Оны халық күтіп, сұрап отыр.
2015 жылы клуб жанынан футбол орталығы ашылып, оған облыстың жасөспірімдер спорт мектебінен іріктеуден өткен 300 спортшы тартылған. Мұндай оқушыларға жаттығу үшін қолайлы жағдай жасалып өткен жылы «Жастар» стадионында 117 миллион теңгеге жаңа жасанды төсеніш төселді. Қазір алаң республикалық жарыстарды өткізудің барлық стандарттарына сәйкес келеді.
Сергей Мелехов, СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:
- Бүгінде мұнда футбол орталығының балалары, футболдан жасөспірімдер спорт мектебі және кешкі уақытта әуесқой командалар ойнайды. Бұл нысан үнемі толып тұрады. Өткен жылы болған мәселелер шешілді. Қолдау көрсеткеніңіз үшін алғысымызды білдіреміз.
Өңірде футболға барлық жағдай жасалған. «Жастар» стадионында жасалған жұмыстармен қатар, 1,2 млрд теңгеге «Қарасай» стадионын қайта жөндеу жұмыстары басталды. Онда мердігер жылытылатын жасанды төсеніш, жарықтандыру, электронды табло, дыбыс аппаратурасы мен жасыл алаңды автоматты түрде суаратын құрылғыны орнататын болады.