Негізгі Жаңалықтар Облыс әкімі «Севказэнерго» АҚ құрылтайшысымен кездесті

Облыс әкімі «Севказэнерго» АҚ құрылтайшысымен кездесті

Бүгін облыс әкімі Айдарбек Сапаров «Севказэнерго» АҚ құрылтайшысы Сергей Канмен кездесті. Бұл туралы өңір басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.


 Жазбада: «Бүгін өңірге менің шақыруыммен «ЦАЭК» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, «Севказэнерго» АҚ құрылтайшысы Сергей Кан келді. Кездесу барысында ЖЭО-2 және жылу желілерін жаңғырту бағдарламасы талқыланды.Алғашында құрылтайшылар станса қондырғыларын салу және жөндеуге 6 млрд теңге бөлуді жоспарлаған еді. Жиында Сергей Кан бұл соманың 9 млрд теңгеге дейін өскенін айтты. Қаржыға қазандықтар жөнделіп, жаңа мұржа салынады. Тағы 3 миллиард теңге жылу және электр желілерін жаңартуға бағытталады. Жалпы, биыл құрылтайшылар компанияның өз қаражатынан 12 млрд теңге бөледі. Біз үшін басты міндет - кезекті жылыту маусымын үздіксіз өткізу.» - делінген.


Бөлісу