Негізгі Жаңалықтар Жаңа оқу жылынан бастап бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанады

Жаңа оқу жылынан бастап бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанады

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жағымды жаңалықпен бөлісті. Өңір басшысының айтуынша, жаңа оқу жылынан бастап бастауыш сынып оқушылары тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.


 «Оқушылар мен олардың ата-аналарына жақсы жаңалықпен бөліскім келеді. Жаңа оқу жылынан бастап 1-4 сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Осылайша, Петропавл қаласы мен облыстың барлық аудандарының бастауыш сынып оқушылары қамтылады. Осының арқасында ата-аналар отбасы бюджетін үнемдей алады. Қазір облыста аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары тегін ыстық тамақпен қамтылғанын атап өткім келеді.»-делінген жазбада.


Бөлісу