Былтыр өнеркәсіптің өсу қарқыны бойынша СҚО республикада 7-орынға ие болды.Өңірде 2022 жылы өндіріс көлемі 4%-ға, ал өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс 9,8%-ға ұлғайған. Атқарылдған жұмыс және жаңа жобалар жайында кәсіпкерлік және индурстиялық-инновациялық даму басқармасы мамандары өңірлік коммуникациялар қызметі алаыңнда айтты.


 Былтыр облыс өнеркәсіп саласында айтарлықтай жетістікке жеткен. Қазақстанның ірі кәсіпорындарымен, оның ішінде «Самұрық-Қазына» қорының құрамына кіретін ұлттық компаниялармен, облыс кәсіпорындарымен шамамен 81 млрд. теңге сомаға шарттар жасалған. Осылайша 2021 жылмен салыстырғанда, өңірдегі зауыт өнімдеріне сұраныс 28%-ға артқан.


НҰРЖАН САДЫҚОВ, СҚО КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Облысымызда машина жасау саласы 3,3%-ға өсті. Мәселен, өңірдегі жаңа Орал зауыты 2022 жылдың тамыз айынан бастап жалпы сомасы 8,9 миллион долларды құрайтын 730 мотоцикл шығарды.Индустрияландырудың 2 бесжылдығын іске асыру аясында яғни, 2010 жылдан 2019ға дейін 3 мыңға жуық жұмыс орнын құрумен 57 млрд теңгеге 71 жоба іске қосылды. .2020-2025 жылдарға арналған индустрияландыру бағдарламасының ІІІ бесжылдығы аясында жалпы құны 141 млрд теңгені құрайтын 25 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.


Былтыр облыс бойынша кәсіпорындардың экспорт көлемі 423 млн АҚШ долларын құраған. Оның ішінде шикізаттық емес экспорт – 166 млн доллар, осылайша 2021 жылмен салыстырғанда 29,4-ға өскен. Сондай-ақ былтыр өңірде 44 миллиард теңгені құрайтын 13 жоба іске қосылды.


 НҰРЖАН САДЫҚОВ, СҚО КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Былтыр жүзеге асырылған жобалардың бірі ол - Масло-Дель сүт зауыты. Өткен жылдың соңында кәсіпорынның құрылғылары жаңартылды. Соның арқасында кәсіпорынның өңдеу қуаты екі есеге – жылына 120 мың тоннадан 323 мың тоннаға дейін артты. Бұл мақсатқа 5,5 миллиард теңге инвестиция бағытталды. Және өңірде тауық етіне импорттық тәуелділікті азайту үшін бройлер құс фабрикаларыда салынып жатыр. Бұл облыста бағаны тұрақтандыруда да септігін тигізеді.


 Биыл да іске асырылатын жобалар көп. Басқарма мамандарының сөзінше, жалпы сомасы 57,4 млрд теңгені құрайтын 13 жобаны іске қосу жоспарланған. Бұл жаңа 1000 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бермек.