Бүгінгі қоғамда адамдар күйзеліске ұшырауға бейім. Жас талғамайтын дерт жыл мезгілдерінің ауысуына , адам өмірінде кездесетін қиындықтарға байланысты туындауы мүмкін. Тіпті 24 Наурыз халықаралық депрессияға қарсы күрес күні деп те белгіленген. Әлем бойынша депрессияға шалдыққандардың саны жыл сайын артуда, бұл ауру түріне көбіннесе әйел адамдар шалдығады. Мамандардың айтуынша бұл дерт жасарып келеді, қазіргі таңда бұл аурумен мектеп оқушылары да ауыра бастаған. Күйзеліс барысында адам баласы қатты жабығып , жұмысқа деген талпынысы төмендейді. Ауырып ем іздегенше , ауырмайтын жол ізде демекші күйзеліс белгілерін байқаған жағдайда бірден мамандар көмегіне жүгінген дұрыс.Олар әр адамның эмоцианалды жағдайын байқап кешенді ем-дом шараларын бекітеді.


КӘМИЛА ДҮЙСЕМБЕКОВА , ҚОЗЫБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ БАС МАМАНЫ:

- « Депрессия дегеніміз невроз санатының ішінде қазіргі таңда кеңінен таралған аурулардың бірі. Депрессия белгілері бұл, зейіннің нашарлауы немес психоматорлық үдерістердің тоқырауы немесе ұйқының бұзылуы және тәбеттің нашарлауы. Депрессия барысында адам өзін шаршаңқы сезінеді , көңіл күй жабырқаулы болады.Ең алдымен депресияның анықтамаларын, белгілерін өздеріңізде көрген кезде, ең алдымен Петропавл қаласының емханаларында орналасқан алғашқы психиқалық денсаулық орталығына жүгінуді ұсынамыз. Яғни өзін өзі емдеу депрессияны нашарлатуы мүмкін, оның асқынуына әкелуі мүмкін.»