Петропавлдағы кардиологиялық орталықта қан тамырға бірегей ота жасалды. Мәскеуден келген маман жергілікті дәрігерлермен бірге бітелген қан тамырына дәрілік жабындысы бар баллонды енгізді. Мұндай имплант елімізде алғаш рет қолданылып отыр. Жаңа тәсіл стент қоюға келмейтін жағдайда қолданылмақ..


 Соңғы екі жылда өңірде науқастарға 2500-ден аса коронарлық стент қойылған. Стент жүрекке қан беретін тарылған немесе бітеліп қалған қан тамырларын ашу үшін қойылады. Мамандардың сөзінше уақыт өте келе стентте қандай да бір ақаулар пайда болып, қан ағысын нашарлатуы мүмкін. Ал диаметрі 2 мм кем қан тамырларына стент қойылмайды. Енді дәрігерлер мұндай жағдайда дәрілік қаптамасы бар баллонды өзгеріске ұшыраған қан тамырына жібереді.


ДМИТРИЙ ТЁ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНА КАРДИОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

-  Науқасқа жергілікті анестезия қойылып, наркозсыз тесу арқылы арнайы катетер орнатамыз. Оның көмегімен дәрілік қаптамасы бар коронарлы баллон ЖІБЕРІЛЕДІ. Баллон алдымен бітелген жерді кеңейтеді, ал оның сыртындағы дәрілік қаптамасы сол жерде қалып, баллон қайта алып шығарылады. Бұрын стент қойғаннан кейін науқастар бірнеше ай үш түрлі дәріні ішуге мәжбүр болатын. Бұл отадан кейін тек бір дәріні бір ай ғана ішіп, қатарға қосылады. Ағзада стент сияқты бөгде зат болмайды.


 Мандардың айтуынша, коронарлық стент қойғаннан кейін науқастардың 10 пайызында рестеноз, яғни қан тамырдың қайта тарылуы немесе бітелуі байқалады. Ал дәрілік жабындысы бар коронарлық баллонды енгізгеннен кейін науқастар 2-3 жыл қалыпты өмір сүреді екен. Аз инвазивті ота МӘМС аясында сырқаттарға тегін жасалуда.


НҰРСҰЛТАН ҒАББАСОВ, ДӘРІЛІК ЗАТТЫ ӨНДІРУШІ КОМПАНИЯНЫҢ ӨКІЛІ:

-  Ерекшілігі баяғыда стент қоятын, қазір жеңілдеді кішкене науқастарға. Лекарство ішпеу керек. Орысша атйқанда качество жизни жақсы болады. АҚШ-та, Еуропада істелініп жатыр.


Жалпы мұндай ота 40 минуттан 1 сағатқа дейін созылады. Бүгін ерекше операция 4 облыстың тұрғынына жасалды.



Майгүл Сейілбек