СҚО ТЖД мамандары ауа райының жылынуына байланысты балықшылар арасында түсіндірме жұмыстарын күшейткен. Қазір мұздың қалыңдағы кей жерлерде 50 см-ді құраса да, оның үстінде жүру қауіпті дейді құтқарушылар. Сондықтан сақтық шараларын ұстанған жөн.


 Күн жылынып, өзен-көлдердегі мұз жұқара түскен. Осы орайда құтқарушылар су айдындарындағы балықшыларды ескерту мақсатында рейдтер өткізіп жатыр. Олар Есіл өзенінде қармақ салған өңір тұрғындарымен кездесіп, жадынама таратты.


КИРИЛЛ ИВАННИКОВ, СҚО ТЖД БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ОФИЦЕРІ:

-« Көктем басталғалы бері құтақарушылар мен жергілікті полиция қызметі өкілдері және волонтерлер мен әкімдік қызметкерлері өңіріміздің өзен-көлдерінде 200-ден астам рейд жүргізді. Қазірдің өзінде біздің құтқарушылар жүйелі түрде мұздың қалыңдығын өлшеп, мониторинг жүргізіп отыр. Бұл оқыс оқиғаларды болдырмау үшін қажет.»


Мамандардың айтуынша қазіргі таңда мұз қалыңдығы 50 сантиметрді құрайды. Балық аулауға әзірге рұқсат ,ал мұз небары 10 сантиметрге жеткенде су айдынына шығуға қатаң тиым салынады.


СЕРГЕЙ ЧЕРКАСОВ, СҚО ТЖД ҚҰТҚАРУ БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСШЫСЫ:

- «Қазіргі таңда құтқарушылар қалыпты режимде жұмыс атқарып отыр. Кезекшілікке 3 қызметкер түседі. Олар күнделікті мұздың қалыңдығын тексеріп отырады. Алдағы уақытта мұздың еруі кезінде, күшейтілген режимде жұмыс атқаратын боламыз. Кезекшілер саны 5 адамға дейін артады.»


Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Петропавлда ауа температурасы +7+9 аралығында болмақ.