Петропавл көшелерінде алғаш рет қасиетті Рамазан айының келгенін хабарлайтын, халықты ізгілікке үндейтін «Жарапазан жыры» шырқалды. Өңірде ұмыт қалған дәстүр «Қызылжар» орталық мешітінің ұйытқы болуымен жаңғыртылып жатыр. Тілшіміздің бейнематериалы.


Жарапазан ел арасында рамазан айында айтылады. Ежелде кешкілік ауыз ашар кезінде ауылдың өлең айтуға бейім жастары жиылып,әр үйдің тұсына келіп жарапазан жырын шырқаған екен. Оны ешкім ерсі санамай,керісінше үйден шама-шарықтарына қарай сыйлық алып шығып, жарапазаншыларды риза етіп жіберген.Осы орайда ежелгі дәстүрді жандандыру мақсатында «Қызылжар» орталық мешітінің қызметкерлері орталық көшемен жүріп өтіп, жарапазан жырын шырқады.


ХАМЗАТ ҚАЖЫМҰРАТҰЛЫ, «ҚЫЗЫЛЖАР» ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ:

- «Рамазан ол мұсылманның қасиетті айы бұл айда мұсылман адам бір бірлеріне құттықатулар жолдайды.Алдын ала ескертеді Рамазан айы келе жатыр.Бізде қазақта жарапазан жыр бар.Жарапазан деген сөздің мағынасы жәй Рамазан Рамазан келді деген сөз.Адамдарды ескерту мақсатында,кезінде телевидения әр түрлі бұқаралық ақапарат құралдары болмаған кезде осы Рамазанның алдында әр ауыл ауылға шығып Рамазанның келе жатқаның хабардар ететін кезінде халыққа жұртқа.


Жарапазан ораза ұсталатын Рамазан айында ғана орындалады.Жарапазанды жас-кәрісіне қарамай барлығы бірдей шырқайды.


ХАМЗАТ ҚАЖЫМҰРАТҰЛЫ, «ҚЫЗЫЛЖАР» ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ:

- «Жапаразан жырын біз осы өңірімізде бастап,Ұлытау облысына жолдап отырмыз.Алла қабыл етсін.Жалпы жарапазан жыры Рамазанғ дейін айтылады Рамазан ішінде де айтыла береді.Өйткені адам кез келген уақыттан бастап ораза ұстап кете беруге болады бұл енді жалпы Рамазан бойы жасалатын бір ізгі жырлардың бірі.


Жарапазан өлеңдері адамгершілікті,имандылықты,әділет пен адалдықты,оразаны дәріптейтін жырлардың бірі. Оның өзіндік сарыны бар.