Парашаңғыдан әлем чемпионы Ербол Хамитов дауыс берді. Спортшы мекен жайы бойынша тіркелген Петропавлдағы Әлихан Бөкейханов атындағы №25 орта мектебінде орналасқан №615 сайлау учаскесіне келіп, таңдау жасады.


Петропавлдағы № 615 сайлау учаскесі Береке шағын ауданы тұрғындарының бір бөлігін қамтыды. Солардың бірі - танымал парашаңғышы Ербол Хамитов. Спортшы тынымсыз жаттығуларына қарамастан уақыт тауып, сайлау учаскесіне келіп дауыс берді.


ЕРБОЛ ХАМИТОВ, ПАРАШАҢҒЫДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ:

 - Мен үшін сайлауға қатысу өте маңызды.Еліміздің әр бір азаматының дауысы шешуші рөл атқаруы тиіс.Сайлаудан соң еліміз дамудың келесі кезеңіне өтеді деген ойдамын. Оқу жаттығу жиындарына байланысты мен елімізде сирек боламын.Бүгін міне уақыт тауып өз таңдауымды жасадым. Сайлау әділ өтетініне сенімдімін.


Әлихан Бөкейханов атындағы №25 орта мектебінде орналасқан сайлау учаскесіне 1704 сайлаушы тіркелген. Сағат 14:00 дейін оның шамамен төрттен бірі өз таңдауын жасады.


ХАЗИЗА БАЙМҰХАМБЕТОВА, №615 САЙЛАУ УЧАСКЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - №615 сайлау учаскесінде тұрғындар таңнан бастап белсенділік танытып жатыр.Осы уақытқа дейін қандай да бір құқықбұзушылық аңықталған жоқ.Тұрғындар сайлауға түсіністікпен қарауда.Жалпы бұл сайлау учаскесі Береке ауданындағы 4 мекен жайды қамтып отыр.


 Сайлауға келіп, дауыс берген қала тұрғындарының пікірінше, бұл саяси науқан үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Қоғам жаңарып, көптеген игі өзгерістің болатынынан үмітті.