Өңірде Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 8 майдангердің көзі тірі. Соғыс ардагерлері де сайлауда белсенділік танытып жатыр. Солардың қатарында Қожатай Некібаев та бар. Қожатай Сейітахметұлы өз дауысын үйден берді.


 Жауды жеңіп, елге аман-есен оралғандардың бірі- Қожатай Некібаев. Ел басына күн туғанда ол небәрі 17 жаста еді. Жас жауынгер қан майданда Венгрия, бұрыңғы Чехославакия елдерінде шайқасты. Қанды майданнан 1948 жылы оралып, саналы ғұмырын ұстаздыққа арнады. Ол осы күнге дейін белсенді азаматтық ұстанымын көрсетіп келеді.


ҚОЖАТАЙ НЕКІБАЕВ, СОҒЫС АРДАГЕРІ:

- «Дауыс беріп жатырмыз. Елімізге тиыштық болсын, патшаларымызға саулық беріп, халқымыз әрқашан да бір топ болып, бір ауызда тілектес болып, көмектесетін жағдай болсын. Еліміз тиыш болсын, жұртымыз аман болсын. Осындай сайлауларда біз әрқашан дауыс беруге дайынбыз. Абыройлы еңбек етуге тілектеспін.»


 Қожатай Некібаев бұған дейін сайлау учаскесіне өзі барып, азаматтық борышын танытатын. Бұл жолы үйден дауыс беріп жатыр. Қожатай Сейітахметұлы 97 жаста. майдангер 10 баладан 25 немере мен шөбере сүйіп отыр.


БАЛДЫРҒАН ЖҮКЕНОВА, № 611 САЙЛАУ УЧАСКЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- «Біз №611 учаскесіне келіп тұрмыз. Учаскесінде жалпы 2121 сайлаушы. Оның ішінде 11-і үйде дауыс береді.»


 Бұл күні дауыс беру учаскесінің өкілдері үйден таңдау жасауға ниет білдірген басқа да ардагерлерді аралады.