Петропавл қалалық даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №1 арнайы мектеп-интернатының ұжымы Наурыз мейрамын кең көлемде атап өтіп, барша дүйім жұртты көктемгі жаңару мерекесімен құттықтады. Тақырыпты әріптесім Нұрбол Балғабеков сабақтасын.


Наурыз мерекесін қалалық даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №1 арнайы мектеп-интернаты да бар сән-салтанатымен атап өтті. Білім ордасының ауласында ақшаңқаң киіз үйлер тігіліп, қазақтың ұлттық тағамдары әзірленді. Жалпы, оқу ордасы соңғы 5-6 жылда Ұлыстың ұлы күнін кең көлемде тойлауды дәстүрге айналдырған.


САМАТ ТҰҒАЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ДАМУ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН №1 АРНАЙЫ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ МҰҒАЛІМІ:

- «Осындай мерекелерді атап өту маңызды дегеніміз, ұлттық дәстүрді үйретеміз. Үлкендерді сыйлау, елімізді қошеметтеу, балалардың патриоттық рухтарын көтеру. Қазағымыздың нақты қазақ екенімізді көрсету. Дастарханның үсті бауырсақ, май, құрт, қымыз солардың барлығын үстелге жайып, ата-аналарды, оқушыларды татырып дәмін мектептің атынан.»


 Мектеп ұжымы Наурыз мерекесіне бір айдай уақыт әзірленген.Ұлыстың ұлы күніне орай білім ордасының оқушылары арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Мейрамның жоғары деңгейде өтуіне балалардың ата-аналары да ат салысқан.


- «Наурыз ұлттық мейрам болғасын бәіріміз ұжым болып дайындалдық. Осы мейрамды күттік. Балалар да күтті. Бізде ат салысып, қазы-қартамызды пісіріп, көже қайнатып түні бойы. Бүкіл қазаққа деген құртымызды, қоспамызды пісіріп әкеліп отырмыз.»


- «Әз-наурыз келіп қалды. Мектебіміздің ерекше дайындығы, көріністері көңілден шығып тұр. Әрине балаларымызға, келешек ұрпағымызға бұл өте керекті сабақ, есте қаларлық уақыттар бұл.»


Жалпы бүгінде аталған білім ордасында 136 оқушы білім алуда. Мектеп мұғалімдерінің сөзіне қарағанда, балалар әр мерекеге белсене қатысып, ерекше дайындалады.



Нұрбол Балғабеков