Петропавлда ұстаздар марапатталды
Петропавлда Мұғалімдер күніне орай «Ұстаз – ұлт болашағының шамшырағы» атты салтанатты іс-шара өтті. Білім саласының үздіктері бас қосқан жиында ұстаздардың еңбегі ерекше аталып өтті. Мерекелік шара барысында 46 білім беру саласының қызметкері марапатқа ие болды. Олардың қатарында көп жылдық тәжірибесі бар ұлағатты ұстаздармен қатар, жас мамандар да бар.
Білім саласында жемісті еңбек етіп жүрген мамандардың қатарында 29 жылдық тәжірибесі бар Жадыра Қаржаубаева да бар. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі шәкірттерін республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобаларға дайындап келеді. Бірнеше кәсіби марапаттың иегері атанған ұстаздың еңбегі бүгін «Құрмет» орденімен бағаланды.
ЖАДЫРА ҚАРЖАУОВА, Ә.ДОСМҰХАМБЕТОВ АТЫНДАҒЫ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ГИМНАЗИЯ-ИНТЕРНАТЫНЫҢ МҰҒАЛІМІ:
Шара аясында «Жас маман – жаңа қадам» атты жас ұстаздардың көрмесі ұйымдастырылды. Онда педагогтер білім саласындағы өз жобалары мен тың бастамаларын таныстырды. Көпшілігі оқу үдерісінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдаланудың жаңа тәсілдерін ұсынды. Солардың бірі – «Бастауыштағы цифрлық маршрут» жобасы.
МАДИЯР МАДЕНИЕТОВ, АҚТАС НЕГІЗГІ МЕКТЕБІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ, ЕСІЛ АУДАНЫ:
Өңірде 16 мыңнан астам ұстаз еңбек етеді. Бүгін олардың 500-ден астамы бір алаңда бас қосып, кәсіби мерекелерін атап өтті. Ал білім саласындағы нәтижелер жыл сайын артып келеді. Бұған ұстаздардың еңбегі мен шәкірттерінің жетістігі дәлел.
АЙНАГҮЛ СҰРАҒАНОВА, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Салтанатты шара соңы мерекелік концертке ұласты. Кеш барысында өнерпаздар ән мен биден шашу шашып, ұстаздарға арналған концерттік бағдарламасын ұсынды.