Тоқ ішек пен тік ішектің обырын дәрігерлер колоректалды қатерлі ісік деп атайды. Елімізде жыл сайын 3 мыңнан астам адам осы дертке душар болады.


Бүгінде өңірде 450-ге жуық адам осы аурумен есепте тұр. Тек өткен жылы 81 сырқат диспансерлік есепке алынған. Былтыр қатерлі ісіктен 31 адам қайтыс болды. Онкологиялық аурулардың алдын алу үшін дәрігерге жиі көрініп тұрған абзал. Мамандардың сөзіне қарағанда, скрининг ағзадағы кез-келген ауытқуларды бастапқы кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.


АЗАМАТ БЕЛБЕЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ДӘРІГЕРІ:

- «Қатерлі ісік ерте анықталса, толық айығуға болады. Сондықтан дәрігерлерге жиі қаралып тұрған жөн. Наурыздың 25-і күні облыстық онкологиялық орталықта ашық есік күні өтеді. Барлық тұрғындар сағат таңғы 9-дан түскі 1-ге дейін алдын-ала жазылмай келіп, білікті дәрігерлерден кеңес алуларына мүмкіндік бар. »