Биыл пітір садақа 535 теңге болып бекітілді. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтты. Пітір садақа мөлшері еліміз бойынша екі келі ұнның ортақ бағасы негізінде белгіленеді. биыл Рамазан айы 23 наурызда басталады. Бас мүфтидің айтуынша, шариғатымыз бойынша балиғатқа толған, ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылманға Рамазан айында ораза ұстау – парыз.