КамАЗ көлігі жол шетіндегі жыраға түсіп кетті. Оқиға Мамлютка – Қостанай тас жолында Дубровный ауылының маңында болған. Тіркемесі бар жүк көлігінің жүргізушісі көктайғақта рульге ие бола алмай қалған.


Жүргізуші 112 арнасына хабарласқан соң құтқарушылар хабарламаны полицейлерге жеткізген. Оқиға орнына облыстық ПД патрульдік полиция батальонының экипажы барып, КамАЗ көлігін жырадан шығару үшін жергілікті шаруашылық басшыларына жүгінді. Нәтижесінде үш ауыр техника көлікті жолға шығарды. 61 жастағы жүргізуші көмектескендердің барлығына жылы лебізін білдіріп, Қостанайға жолын жалғастыра алды.