Қызылжар ауданы Бескөл ауылында Наурыз мерекесіне орай "Таза аула" әлеуметтік және қайырымдылық акциясы басталды. Оның аясында еріктілер жалғызілікті зейнеткерлерге, мүгедектер мен соғыс ардагерлеріне ауласын қардан тазартуға көмектеседі. Сонымен қатар үй шаруасына да қолғабыс етпек.


 Бескөл ауылының тұрғыны Ғазиза Беляеваның жасы 70-тен асқан. Жалғызілікті зейнеткердің осыдан 8 жыл бұрын жұбайы қайтыс болған. Әжейдің үй маңын өздігінен қардан тазартуға шамасы келмейді.Ауласын түгел қар басып қалған. Зейнеткердің айтуынша, еріктілер оны ұмыт қалдырмай тұрақты түрде келіп, ауласын қардан тазартып беріп кетеді екен.


ҒАЗИЗА БЕЛЯЕВА,ЗЕЙНЕТКЕР:

 – Жастар келіп көмектесіп тұрады.Кешегі бораннан ауламда аяқ алып жүрер жер қалмады. Бүгін міне бір топ ерікті келіп ауламды қардан тазартып берді.Еріктілер өздеріне жүктелген міндетті аз уақыт ішінде орындап шықты, клуб мүшелеріне алғысым шексіз.


 "Таза аула" әлеуметтік және қайырымдылық акциясы Жастар ресурстық орталығының бастамасымен ұйымдастырылған. Акция аясында орталық Қызылжар ауданы бойынша 20-дан астам үйге көмек көрсеткен.Жастар ресустық орталығы Қызылжар еріктілер клубымен бірлесе отыра қызмет атқарады.Бүгінде еріктілер клубының 3000мыңнан астаммүшесі бар. Олардың басым бөлігі - оқушы.


ГҮЛӘСЕЛ ХАМИТОВА,ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНДЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- «Бүгін біз жалғызбасты зейнеткерге көмек көрсетуге келіп отырмыз.Жастар ресурстық орталығы жастармен тілкелей жұмыс істегендіктен олардың жұмысқа орналасу


 Бұл акция 15 наурыз - Шежіре күніне орайластырылған. дәл осы күні ұрпақтар сабақтастығы ұлықталып, үлкендерге деген құрмет көрсетілді, және ата-бабалар мұрасы да насихатталды.