Адам өміріне араша түсу, қиын жағдайға тап болған жандарға қол ұшын беру. Аса қауіпті жағдайда жұмыс істейтін құтқарушылардың еңбегі өлшеусіз. Қиын сәтте алғаш болып көмек созатын мамандық иелері талай жанды құтқарып, алғысқа бөленіп жүр. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін жедел-құтқару жасағындағы жауынгерлердің жұмысы жайында келесі бейнематериалда.


Жедел-құтқару жасағына тыным жоқ, бірде жол-көлік апатында зардап шегіп, машинаға қыстырылып қалған жанды темір құрсаудан босатса, енді бірде олар адамның серігі - ит-мысықты түрлі жағдайлардан құтқарады. Бүгін де Айбол Отарбаев бастаған жасақ 2 күн бойы өздігінен түсе алмай 3-ші қабаттың терезесінде аш отырған мысықты жерге түсірді. Ал осыдан 10 күн бұрын құтқарушылар 4-ші қабаттан секірмек болған ер адамды аман алып қалды.


АЙБОЛ ОТАРБАЕВ, СҚО ТЖД ЖЕДЕЛ-ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫ ҚҰТҚАРУ БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСШЫ-ҚҰТҚАРУШЫСЫ:

- Бұл салада жүргеніме 8 жыл болды. Осы уақыт аралығында талай шақыртулар болды. Адам өміріне қауіп төнген, су тасқыны жағдайлары болды. Көлік апаттарында да көмек көрсеттік. 1-08 Өрт болып, есік ашу керек болған жағдайда да шығып отырамыз. 3-17 Оқиға орнына 1 минутта жету керекпіз. Жолда кім не істейтінін - барлығын анықтап, жоспар құрамыз.


Әрі альпинист, әрі сүңгуір. Жасақтағы әр жігіт кез-келген жағдайда жұмыс істеуге әзір. Түрлі қиындықтарға төтеп беру үшін жаттығып, шынығады. Қауіпті мамандықты Досым Жұманов осыдан 13 жыл бұрын таңдаған, оған өкінген емес. Жалпы, жедел-құтқару жасағында 50-ге тарта азамат еңбек етеді.


ДОСЫМ ЖҰМАНОВ, СҚО ТЖД ЖЕДЕЛ-ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНЫҢ БАС ҚҰТҚАРУШЫСЫ:

- Күзде айдында мұзға қатып қалған құстарды құтқарамыз. Жұмыста физикалық тұрғыда ғана дайындалмаймыз. Жоспар құру, әрекет ету жөнінде конспектілер жазамыз. Спорттық шараларға қатысамыз. Альпинизм бойынша іс-әрекеттерді пысықтаймыз.


"Ит- адамның досы" деген сөз бекер айтылмаған. Жасақ жігіттеріне төртаяқтылар да зор көмегін тигізеді. Жоғалған адамдарды іздестіруде олардың көмегі зор. Қазіргі таңда құтқару қызметінде осындай 3 ит бар.