Негізгі Жаңалықтар Өңірдің тұрғын үй қоры бір жылда 172 мың шаршы метрге ұлғайды

Өңірдің тұрғын үй қоры бір жылда 172 мың шаршы метрге ұлғайды

Өңірдің тұрғын үй қоры өткен жылмен салыстырғанда 172,1 мың шаршы метрге ұлғайды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының облыс бойынша департаменті хабарлады. Тұрғын үй қоры статистикалық тіркелімінің деректері бойынша, 2023 жылғы 1 қаңтарға тұрғын үй қоры 12 537,6 мың шаршы метрді құрады.


Оның 45,3% - қалалық тұрғын үй қоры. Мемлекеттік тұрғын үй қорына – 2,2%, жеке меншік тұрғын үй қорына – 97,8% келеді. Сыртқы қабырғалардың материалы бойынша тұрғын үйлердің ішінде кірпіш, тас – 28,7%, ірі панелді – 14, саман – 4,6, монолитті бетон (темірбетон) – 1,3, каркас панелді – 0,3, ірі шығырды – 0,3, басқа қабырға материалдары – 50,8% алады. Облыс бойынша халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуіне келер болсақ, бір адамға жалпы 22,4 шаршы метрден келеді.


Бөлісу