Наурыздың 10-ы күні «Құлагер» жастар хоккей клубы Қазақстан чемпионатының плей-офф ойыны аясында Өскемендік «Торпедо» командасымен сынға түсті.


 Бірінші кезеңде ойыншылар бір-бірінің осал тұсын іздеп, қақпаны қанша көздеп шайба бағыттаса да, нәтиже болмады. Ал екінші 20 минутта хокейшілер алға суырылып шыға алды. Үшінші кезең тартысты өтіп, командалар 3:3 есебімен тең түсті. Бірақ қосымша уақытта жерлестеріміз жеңісті жұлып әкетті. Енді олар бүгін, яғни, 13 наурыз күні сағат 19:00-де Александр Винокуров спорт сарайында тағы бір кездесу өткізеді. Чемпионаттың жартылай финалына кімнің шығатыны осы ойында шешіледі.