Облыс әкімі Айдарбек Сапаров Ұлы Отан соғысының ардагері Валентина Волкодавты Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. 101 жастағы әжей қанды майданға 19 жасында аттанып, Жеңісті Берлинде қарсы алды.


Соғыста жол мен көпір салу отрядында қызмет еткен. Ол "Берлинді алғаны үшін", "Варшаваны азат еткені үшін", "Беларусьті азат еткені үшін" медальдарымен наградталған. Сондай-ақ, II дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденінің иегері. Соғыс аяқталғаннан кейін Валентина Архиповна Целиноградтағы керамика зауытында есепші болып жұмыс атқарған. Соңғы 30 жыл Петропавл қаласында тұрып келеді екен. Айдарбек Сейпілұлы батыр әжені мерекемен құттықтап, оған зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі.