Өткен демалыс күндері облыстық ТЖ департаментінің қызметкерлері үшін тынышсыз өтті. Сенбі күні түске таман құтқару қызметінің жедел кезекшісіне Шал ақын ауданы Коноваловка елді мекенінің маңындағы Есіл өзенінде мұз жарылып, «Toyota Land Сгuѕіег» жеңіл көлігі алдыңғы дөңгелектерімен түсіп кеткені туралы хабарлама келіп түсті. 1960 жылы туған адам балық аулауға келген. Алайда мұз құрсауына түскен. Құтқарушылар ер адамды көлігімен аман-есен шығарып алды.


 Сол күні кешке Шал ақын ауданының Ступинка елді мекеніне құтқарушылар шұғыл шығуға мәжбүр болды, жергілікті маңызы бар автожолда 6 жеңіл автокөлік қар кептелісіне түскен. Осындай жағдай Айыртау ауданындағы Қоскөл ауылының маңындағы жергілікті маңызы бар автожолда да болған. Барлық адамдар құтқарылып, қажетті көмек көрсетілді.