26 ақпан күні Петропавлдағы түнгі клубтардың бірінде атыс болып, 28 жастағы жігіт қаза тапты.


Оқиға орнына келген жедел-жәрдем қызметі оқтан жараланған жігітті бірден ауруханаға жекізген. Алайда ол операция үстелінде қайтыс болды. Полиция көп ұзамай күдіктіні ұстды. Қазіргі уақытта Қызылжар ауданының 34 жастағы тұрғыны облыс орталығындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.


БАЯН ДОСЖАНОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПБ ТЕРГЕУ БӨЛІМІНІҢ АҒА ТЕРГЕУШІСІ:

- Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабының 2ші бөлігі адам өлтіру сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.  Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.