2021 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілді. Яғни олардың еңбегі бонустық мөлшермен бағаланады. Бұл жаңашылдық өз ісіне адал және сауатты қызметшілерді қалыптастыруға мүмкіндік берді. Нәтижесінде мемлекеттік қызмет көпшілік үшін тартымды бола түсті.
Енді жыл басында барлық мемлекеттік қызметшілерге жұмыс жоспары бекітіледі. Берілген мерзімде олардың орындалуы қандай деңгейде болса, сонша мөлшерде бонус беріледі.Ал бонустар қызметшілердің жалақысына әсер етеді. Мамандардың сөзінше, жаңашылдық нәтижесінде мемлекеттік қызметке деген сұраныс та артқан. ҚАзіргі уақытта бір бос жұмыс орнына үміткерлер саны 2,5 есеге өскен.
ГҮЛНАР ЖУСАЛИНА, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
- Жыл сайын мемлекеттік қызметшілердің кәсіби даярлық деңгейі артып келеді. Мысалы, мемлекеттік қызметтер саласындағы кадрлық іс жүргізудегі бұзушылықтар саны екі есеге азайды. Бұл жақсы нәтиже. Жергілікті мемлекеттік органдарда үш жылдан астам жұмыс істеген мемлекеттік қызметшілердің саны 60 пайызға жуық. Және бұл 021 жылмен салыстырғанда 1,2 пайызға өсті.