Өңірде Отан қорғаушылар күніне орай «Рух пен жігер» атты жеңіл атлетикадан жүгіру өтті. Іс-шараға қаладағы жоғары оқу орындары мен колледж студенттері қатысып, саламатты өмір салтын насихаттаумен қатар, патриоттық рухты дәріптеді.
Жүгіру жарысы қаланың ескі саябағынан бастау алды. Мұнда 80-нен астам студент жиналып, елге деген құрметті арттырып, рух пен жігерді шыңдауды мақсат етті. Қатысушылар 5 шақырым қашықтықты жүгіріп өтіп, өздерінің төзімділігі мен қайсарлығын сынға салды.
СНХ: АЙНҰР СӘРСЕНБАЕВА, СҚО ІСБ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ
Аталған Іс-шара тек спорттық жарыс қана емес, сонымен қатар жастар арасында құқық қорғау саласына қызығушылықты арттыру.
СНХ: ИСМАИЛБЕК ТӘҢІРБЕРГЕН, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар жастарды белсенді өмір салтына баулып қана қоймай, олардың мақсатқа жету жолындағы табандылығын арттыруға сеп болады.