Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде 7-мамыр Отан қорғаушылар және 9-мамыр Жеңіс күніне орай салтанатты жиын өтті. Мерекелік іс-шара аясында 30-ға жуық қызметкер мен ардагерге құрмет көрсетілді.
Бұл күн әсіресе Қостанай академиясын тәмамдаған 15 түлек үшін өте маңызды. Олар бүгін көпшілік алдында ант беріп, қатарға қосылды. Жаңадан тағайындалған офицерлер мен сержанттар енді облыстағы түзеу мекемелері мен пробация қызметі бөлімдерінде қызмет ететін болады.
СНХ: ЗАРИНА БАЙҚАДАМОВА, ОБЛЫСТЫҚ ҚАЖД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ
Жалпы облыс бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде 3 мыңнан астам қызметкер еңбек етуде. Бүгін бірнеше жыл тынбай жұмыс істеп, құқық бұзушылықтардың алдын алып, қызметте ерекше көзге түскен бірнеше қызметкер марапатталды. Солардың Қатарында Айбол Қожахметов та бар.
СНХ: АЙБОЛ ҚОЖАХМЕТОВ, ҚАЖД №48 МЕКЕМЕСІНІҢ РЕЖИМ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ
Мереке қарсаңында департамент ұжымы соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін де назардан тыс қалдырмай, оларға да құрмет көрсетті. Қос мерекемен СҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Мұрат Нәкенов құттықтады.
СНХ: МҰРАТ НӘКЕНОВ, СҚО БОЙЫНША ҚАЖД БАСТЫҒЫ
Ант берген жас офицерлер үшін бұл күн үлкен жауапкершілік пен Отанға адал қызмет етудің алғашқы қадамы болмақ.