Отан қорғаушылар күні қарсаңында жақындарын қауіп-қатерден қорғайтын ер азаматтарды құттықтау дәстүрге айналған. Солтүстік Қазақстан полициясының үлкен ұжымында мұндай азаматтар аз емес. Тура бір жыл бұрын — 2025 жылғы мамырда — екі патрульдік полицей Астраханка ауылында бір отбасыны үлкен қауіптен құтқарды. Офицерлер Руслан Касимов пен Ғабит Сәбитов түтінге толған үйден үш кішкентай баланы алып шығып, ата-анасына көмек көрсетті.

24 мамырға қараған түні СҚО ПД патрульдік полиция батальонының инспекторлары, аға лейтенанттар Ғабит Сәбитов пен Руслан Касимов ауылды патрульдеу кезінде Пушкин көшесіндегі үйлердің бірінің мұржасынан жалынды байқады. Жағдайды бағалай отырып, олар түтінге толған үйден балаларды алып шығып, көрпеге орап, патрульдік көлікке отырғызады. Кейін полицейлер үй иесімен бірге шатырға көтеріліп, мұржаның жанған бөлігін су құйып сөндірді. Өрттің алдын алу мүмкін болды, отбасы зардап шеккен жоқ.

СНХР: Зарина Бердалина — Астраханка ауылының тұрғыны

Өткен бір жыл ішінде Руслан Касимов Петропавл қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонында қызметін жалғастырса, Ғабит Сәбитов облыстық батальонда еңбек етуде.

СНХР: Руслан Касимов — Петропавл қ. ПБ патрульдік полиция батальонының инспекторы

СНХР: Ғабит Сабитов — СҚО ПД патрульдік полиция батальонының инспекторы

Полицейлердің төтенше жағдайларда көмекке келуі жиі кездеседі, алайда мұндай істердің көбі жария етіле бермейді. Айта кету керек, мереке күндері полиция күшейтілген режимде қызмет атқарып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.