- Петропавлда өскелең ұрпаққа үлгі болар тағылымды кездесу өтті. «Ар-намыс. Борыш. Жауапкершілік» тақырыбындағы патриоттық жиын оқушылардың елге деген сүйіспеншілігін арттырып, азаматтық ұстанымын қалыптастыруды көздейді.
- Іс-шара №28 жалпы білім беретін мектепте ұйымдастырылды. Кездесуге ұлттық қауіпсіздік комитеті, төтенше жағдайлар, полиция, ұлттық ұлан және прокуратура өкілдері қатысты. Олар жастарға заң мен тәртіптің қоғам тұрақтылығындағы рөлі туралы айтып, жеке жауапкершіліктің маңызын түсіндірді. Мамандар өз тәжірибелерімен бөлісіп, қызмет жолындағы нақты мысалдарды келтірді.
- СНХ: ДИАННА ҚАЗБЕКОВА - ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
- Ашық диалог форматында өткен жиында оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, құқық қорғау саласындағы мамандықтар жайлы кеңінен мағлұмат алды. Кездесу барысында Отанға адал қызмет ету, ел қауіпсіздігін сақтау – әр азаматтың қасиетті борышы екені ерекше айтылды. Мұндай жүздесулер жас буынның бойында патриоттық құндылықтарды нығайтуға ықпал етеді.
- СНХ: ҚОСМАН БЕГАЛИНОВ - АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ
- Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның басты мақсаты – жастардың құқықтық санасын қалыптастырып, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
- СНХ: ДИЛЯРА ЕРЛАН – №3 БЕСКӨЛ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ
- Мамандар мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтады. Себебі ел болашағы – заңды құрметтейтін, жауапкершілігі жоғары жас ұрпақтың қолында.