Отан қорғаушылар күніне орай «Жеңіс жарысы» атты жаппай жүгіру жарысы өтті. Іс-шараға 100-ден астам адам қатысып, белсенділік танытты. Бұл спорттық жарыс Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жеңіс бірлікте» жобасы аясында жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Негізгі мақсат – саламатты өмір салтын насихаттау, жастарды спортқа баулу және ел ішіндегі бірлік пен татулықты нығайту.
Қатысушыларға бірінші президент саябағында 1 шақырым қашықтықты еңсеру міндеті қойылды. Іс-шара достық пен бірлікті нығайтуға бағытталған мерекелік көңіл-күйде өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай спорттық бастамалар жастарды ынталандырып, бұқаралық спорттың дамуына серпін береді.
СНХ: ӘНУАР ТОҚПАН, СҚО ҚХА ҚЫЗМЕТКЕРІ
Петропавл қаласының тұрғыны Татьяна он жылдан астам уақыттан бері жүгірумен айналысып келеді. Айтуынша мұндай спорттық шаралардың жиі ұйымдастырылуы тұрғындарды саламатты өмір салтын ұстануға ынталандырады.
СНХ: ТАТЬЯНА ОРИХОН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Мұндай спорттық шаралар қала тұрғындарын біріктіріп, бұқаралық спорттың дамуына серпін береді. Алдағы уақытта мұндай бастамалар жалғасын таппақ.