Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде

робототехника бойынша дүниежүзілік олимпиаданың (WRO) өңірлік кезеңі ұйымдастырылды. Байқауға қатысуға Солтүстік Қазақстан облысынан 20-ға жуық білім алушы ниет білдіріп, бірнеше санат бойынша бақ сынады. Доданфң талабы бойынша оқушылар әр санатта өз роботтарын құрастыстырып, оларды тұрлі тапсырмаларды орындауға бағдарламалауы тиіс.


Тартысты дода барысында оқушылар түрлі санат және жас ерекшелігіне сай сайысқа түсті. Бірі “Robomission” бағытында арнайы тапсырмаларды орындайтын робот әзірлесе, “Future Innovators” бағытына қатысушылар шынайы өмірге қажет роботтарын ұсынды. “RoboSport” роботтары бұл жолы теннис ойнап жарысты.


СНХ: ОЛЖАС ҚИЯТ, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ЛАБОРАНТЫ


Бірінші орын иеленген командалар 18-19 маусым күндері Алматы қаласында өтетін республикалық кезеңге қатысады. Балалардың дайындық деңгейі жақсы. Бірнеше жыл қатарынан қатысып келетін құрамалар бар. Олар Солтүстік Қазақстан облысының намысын республика деңгейінде де сәтті қорғайды деген ойдамыз.


Айта кетейік, Петропавл қаласындағы NIS оқушылары Тимур Искаков пен Тимур Койлодан құралған “ArtaRobotics” командасы өткен жылы WRO республикалық кезеңінің жүлдегері атанған болатын. Оқушылар Сингапурда өткен робототехника бойынша дүниежүзілік олимпиадада да Қазақстанның атынан өнер көрсетті. Биыл олар Robomission Senior санатында өңір деңгейінде жеңіске жетіп, өздерінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.


СНХ: ТИМУР ЫСҚАҚОВ, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ


Тартысқа толы жарыстың қорытындысы бойынша әр санатта жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды: